|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Новоильинов жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Новоильиновская общеобразовательная школа» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
12
Тамыз
2025
|
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді жүзеге асырылуда. Жоба аясында 460 мың оқушы орнына 217 мектеп салу жоспарланған. Бүгінде 128 жаңа форматтағы мектептің құрылысы аяқталды.
|
24
Маусым
2025
|
«Новоильинов жалпы білім беретін мектебі» ауыл ішінде профилактикалық рейд өткізілді. Іс-шараға мектептің педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтар, еріктілер, ауыл әкімдігі қатысты.
Рейд барысында балалар жиі жиналатын орындар қамтылып, ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсат – кәмелетке толмағандардың кешкі уақыттағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту.
|
20
Маусым
2025
|
5–7 маусым күндері Қостанай қаласында тоғызқұмалақтан облыстық жарыс өтті. Жазғы демалысқа қарамастан, мектебіміздің оқушылары белсенділік танытып, ақыл-ой сайысында жоғары нәтиже көрсетті.
🎉 Жарыс нәтижесі бойынша:
🏅 Хабылхан Сапар – 3-орын (классикалық түрі)
🏅 Асим Нұрсұлтан – 3-орын (блиц)
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктері мол болсын!
Жазғы демалыс қарсаңында, судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігі мен жалпы мектептік ата-аналар комитетінің мүшелері бірлесіп ауыл аумағындағы Тобыл өзені жағалауына профилактикалық тексеріс жүргізді.
🛑 Алдын алу шаралары аясында өзен жағасында арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылуға тыйым салатын ескерту белгілері орнатылды. Бұл – жаз мезгілінде балалардың су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.
📌 Құрметті ата-аналар!
Балаларыңызбен су жағасындағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймыз. Шомылуға тек арнайы жабдықталған, қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жерлерде ғана рұқсат етілетінін ұмытпаңыздар.
⚠️ Назар аударатын жайттар:
– Балалардың су айдындарына ересектерсіз баруына жол бермеңіздер;
– Су жағасындағы қауіп-қатерлер туралы жиі ескертіңіздер.
|
30
Мамыр
2025
|
Бүгін мектепте мектеп басшысының жетекшілігімен сынып жетекшілерінің қатысуымен жиналыс өтті. Жиын барысында басты назар жазғы демалыс кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.
Талқыланған негізгі мәселелер:
✔️ Каникул алдындағы түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу;
✔️ Су айдындары, жол қозғалысы және тұрмыстық қауіпсіздік бойынша оқушыларға үнемі бақылау жүргізу;
✔️ Ата-аналармен тығыз байланыс орнату, жаз мезгілінде балалардың өмірі мен денсаулығы үшін олардың жауапкершілігін еске салу.
Сынып жетекшілеріне алдын алу шараларын ұйымдастыру және нұсқаулық жұмысты тіркеу бойынша нақты ұсыныстар берілді.






