Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Новоильинов жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Новоильиновская общеобразовательная школа» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
22
Сәуір
2025
|
Қамқоршылық кеңес ережесі
Жалпы ережелер
- ҚОӘББ «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Новоильинов жалпы білім беретін мектебі»жанындағы Қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі – Қамқоршылық кеңес) мектептің дамуына жәрдемдесу мақсатында құрылған алқалық басқару органы болып табылады.
- Қамқоршылық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы» заңын, «Қамқоршылық кеңестердің қызметінің үлгілік қағидаларын», Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Қамқоршылық кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
- Қамқоршылық кеңес өз қызметін еріктілік, қатысушылардың тең құқылығы, заңдылық және жариялылық қағидаттары негізінде жүзеге асырады.
- Осы Қамқоршылық кеңес туралы ереже мектептің оқу-тәрбие процесін жетілдіру, мектеп қауымдастығының барлық мүшелерін мектеп өмірін ұйымдастыруға тарту, мектепті басқару жүйесінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында әзірленіп, қабылданған.
Қамқоршылық кеңестің мақсаты мен міндеттері
Қамқоршылық кеңес мектепке білім беру мен тәрбиелеу үдерісінде, материалдық-техникалық базаны жақсарту, оқу-тәрбие және инновациялық үдерістерді дамыту ісінде қолдау көрсету үшін құрылады.
Мектеп жанындағы Қамқоршылық кеңестің негізгі міндеттері:
- мектептің даму бағдарламасын, оның мәдени-ағартушылық, білім беру және қоғамдық қызметін іске асыруға жәрдемдесу;
- оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың – оқушылардың, мұғалімдердің және ата-аналардың бірлескен қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау; оқушылардың қабілеттерін, шығармашылық, зияткерлік және рухани әлеуетін дамытуға жағдай жасау;
- оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру бойынша жұмыстарға жәрдемдесу;
- мектептің басым бағыттағы бағдарламалары мен жобаларын іске асыру, материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қосымша қаржы көздерін тарту;
- қаржылық қаражаттың, соның ішінде қайырымдылық көмектердің жұмсалу тиімділігі мен мектеп мүлкінің пайдаланылуына талдау жүргізу, нәтижелері бойынша ұсыныстар дайындау.
Қамқоршылық кеңесті басқару тәртібі
- Қамқоршылық кеңестің жоғары басқару органы – Қамқоршылық кеңес мүшелерінің Жалпы жиналысы болып табылады. Ол қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі. Алғашқы жалпы жиналысты мектеп директоры шақырады.
- Жалпы жиналыс:
- Қамқоршылық кеңес Басқармасының сандық құрамын айқындайды және бекітеді, Қамқоршылық кеңес Төрағасын сайлайды;
- Қамқоршылық кеңестің негізгі қызмет бағыттарын айқындайды;
- Басқарма мен оның Төрағасының жұмыс есебін бекітеді.
- Жалпы жиналыстар арасындағы кезеңде Қамқоршылық кеңестің қызметін басқаруды жүзеге асыратын атқарушы орган – Қамқоршылық кеңес мүшелерінен Жалпы жиналыста сайланатын Басқарма болып табылады.
- Қамқоршылық кеңестің жұмысын Қамқоршылық кеңес Төрағасы басқарады.
- Қамқоршылық кеңес Төрағасы:
- Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарына төрағалық етеді;
- Қамқоршылық кеңес отырыстарының күн тәртібін қалыптастырады;
- Қамқоршылық кеңестің отырыстарының хаттамаларына және өзге де құжаттарға қол қояды;
- Қамқоршылық кеңесті мемлекеттік органдармен, басқа ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, заңды және жеке тұлғалармен байланыс барысында таныстырады;
- Қамқоршылық кеңестің шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылайды;
- Қамқоршылық кеңестің қызметіне байланысты құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
- Өзінің уақытша болмау кезеңінде өз өкілеттігін Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасарларының біріне тапсырады;
- Жыл сайын Қамқоршылық кеңестің жұмысы туралы есеп береді;
- Осы Ережеге сәйкес өзге де құқықтарға ие болып, міндеттерді орындайды.
- Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары төрағаның ұсынуы бойынша Қамқоршылық кеңес тарапынан сайланады. Орынбасардың қызметтік міндеттерін төраға айқындайды.
- Қамқоршылық кеңестің іс жүргізуіне жауапты хатшы төрағаның ұсынуы бойынша Қамқоршылық кеңеспен сайланады және Қамқоршылық кеңестің іс жүргізуін жүргізуге жауап береді.
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
- Қамқоршылық кеңес өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында келесі құқықтарға ие:
- мектептің даму жобалары мен бағдарламаларын ғылыми, құқықтық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуге қатысу;
- мектептің қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік билік органдарына және басқа ұйымдарға ұсыныстар, сұраныстар мен өтініштер жолдау;
- Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерді зерттеу және олардың қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында комиссиялар мен жұмыс топтарын құру;
- жекелеген жұмыстарды орындау үшін шарт негізінде мамандарды заңнамада белгіленген тәртіппен тарту;
- мектеп әкімшілігінің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруы және бюджеттік, бюджеттен тыс қаражатты пайдалануы бойынша есебін тыңдау;
- мектеп Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
- Қамқоршылық кеңестің қаржылық қоры ретінде ерікті жарналар мен қайырымдылық көмектерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да түсімдерден құралған арнайы қор құру.
- Мектеп жанындағы Қамқоршылық кеңес келесі міндеттерді орындайды:
- оқушылардың оқу үлгерімін арттыру мақсатында білім беру үдерісін ынталандыру;
- тартылған бюджеттен тыс қаржылық қаражатты мақсатты түрде пайдалану;
- осы Ережеде көзделген Қамқоршылық кеңеске жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету.
Қамқоршылық кеңестің құрамы, жұмыс тәртібі мен шарттары
- Қамқоршылық кеңес ерікті түрде қатысу қағидаты бойынша құрылады және Қамқоршылық кеңестің төрағасынан және оның мүшелерінен тұрады.
- Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар ене алады: қамқоршылық кеңес құрылған білім беру ұйымының басшысы, мектеп оқушыларының ата-аналары, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдардың, кәсіпкерлік және ғылыми орта өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының (оның ішінде шетелдік), педагогикалық қызметкерлер, сондай-ақ мектептің қызметін жетілдіруге және дамытуға мүдделі басқа да тұлғалар.
- Қамқоршылық кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
- Қамқоршылық кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін басқа адамдарға, соның ішінде Қамқоршылық кеңестің басқа мүшелеріне беруге құқылы емес. Кеңес отырысына қатыса алмаған жағдайда, мүше қаралатын мәселелер бойынша өз пікірін жазбаша түрде білдіруге құқылы.
- Қамқоршылық кеңес мүшесінің өкілеттігі оның жеке өтініші бойынша, соның ішінде денсаулығына байланысты өз міндеттерін орындауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, Қамқоршылық кеңеске жазбаша түрде хабарлама беру арқылы мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
- Қамқоршылық кеңестің жалпы жиналысының шешімімен кеңес жұмысына қатыспағаны немесе тапсырмаларды орындаудан бас тартқаны, сондай-ақ Қамқоршылық кеңес мүшесінің мәртебесіне сәйкес келмейтін әрекеттер жасағаны үшін оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
- Қамқоршылық кеңес төрағасы кеңестің бірінші отырысында қатысушы мүшелердің қарапайым көпшілік дауысымен сайланады.
- Отырыстың күн тәртібін Қамқоршылық кеңестің төрағасы айқындайды және Қамқоршылық кеңестің отырысында бекітіледі.
- Қамқоршылық кеңестің қызметі кеңес мүшелерінің және гимназияның басқа да субъектілерінің ұсыныстары негізінде қалыптастырылған, кеңес отырысында бекітілетін жоспар бойынша жүзеге асырылады.
- Қамқоршылық кеңестің отырыстары қажеттілікке қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Кеңес отырысы төрағаның, кеңес мүшесінің немесе мектеп әкімшілігінің бастамасымен шақырылуы мүмкін.
- Қамқоршылық кеңестің отырысы, егер оған кеңес мүшелерінің кемінде жартысы қатысса, заңды деп есептеледі. Шешімдер кеңеске қатысушы және жазбаша түрде өз пікірін білдірген кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Ерекше жағдайларда шешім кеңес мүшелерінің үштен екісінің дауысымен қабылдануы мүмкін.
- Қамқоршылық кеңестің шешімі хаттамамен рәсімделеді, оған кеңес төрағасы және хаттаманы жүргізуші хатшы қол қояды. Егер кеңес мүшесі қабылданған шешіммен келіспесе, өз пікірін жазбаша түрде білдіруге құқылы, ол кеңес отырысының хаттамасына тіркеледі.
- Қамқоршылық кеңестің отырыстарына кеңес төрағасының шақыруымен мемлекеттік билік органдарының, басқа да мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ мүдделі заңды және жеке тұлғалардың өкілдері шақырылуы мүмкін.
- Қамқоршылық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді мектеп жүзеге асырады. Мектеп кеңеске отырыстар өткізуге және құжаттаманы сақтауға арналған орын береді.
- Қамқоршылық кеңестің қызметі жалпы жиналыстың шешімімен тоқтатылуы мүмкін. Қызметі тоқтатылғаннан кейін Қамқоршылық кеңестің қызмет барысында жүргізілген барлық құжаттама мектепке өткізіледі.