Жазғы демалыс қарсаңында, судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігі мен жалпы мектептік ата-аналар комитетінің мүшелері бірлесіп ауыл аумағындағы Тобыл өзені жағалауына профилактикалық тексеріс жүргізді.
🛑 Алдын алу шаралары аясында өзен жағасында арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылуға тыйым салатын ескерту белгілері орнатылды. Бұл – жаз мезгілінде балалардың су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.
📌 Құрметті ата-аналар!
Балаларыңызбен су жағасындағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймыз. Шомылуға тек арнайы жабдықталған, қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жерлерде ғана рұқсат етілетінін ұмытпаңыздар.
⚠️ Назар аударатын жайттар:
– Балалардың су айдындарына ересектерсіз баруына жол бермеңіздер;
– Су жағасындағы қауіп-қатерлер туралы жиі ескертіңіздер.
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Новоильинов жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Новоильиновская общеобразовательная школа» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|






