2026 жылғы 28 қаңтарда мектепте
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
КГКП «Денисовский кәсіптік-техникалық колледжі» тарапынан түлектерге арналған кәсіптік бағдар беру бағытында ақпарат берілді.
Іс-шара барысында оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар, оқуға түсу шарттары туралы мәліметтер ұсынылып, бейнероликтер көрсетілді. Ұсынылған ақпарат түлектердің болашақ мамандықты саналы таңдауына бағытталды.
Мұндай кәсіптік бағдар беру жұмыстары оқушылардың кәсіби бағдарын кеңейтуге және білім беру жолын дұрыс таңдауға ықпал етеді.







