📌 Біздің мектепте бірнеше жыл бойы ұлттық зияткерлік ойын – «Тоғызқұмалақ» үйірмесі табысты жұмыс жасап келеді.
Үйірмені тәжірибелі педагог – Хабылхан Қадірбек жүргізеді. Ол оқушыларға көне ойынның қыр-сырын үйретіп, келесі қабілеттерін дамытуға көмектеседі:
✅ логикалық және стратегиялық ойлау
✅ табандылық пен зейін
✅ есте сақтау қабілеті мен шоғырлану
✅ талдау жасап, шешім қабылдау дағдылары
Сабақтар жылы әрі достық жағдайда өтеді. Әрбір оқушы өз күшін сынап, қабілеттерін ашып, зияткерлік жеңістің дәмін тата алады.
🕓 Сабақ кестесі:
• Сейсенбі – 16:00
• Бейсенбі – 16:00
Барлық оқушыларды тоғызқұмалақ әуесқойларының қатарына қосылуға шақырамыз!






